Ауа райы • 10 Қаңтар, 2024

Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз күтіледі

2816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа қысымының жылдам өзгеруі Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз күтіледі

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжауынша, 11-13 қаңтарда қысымның жылдам өзгеруі нәтижесінде Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы болады. Солтүстік облыстарда қарлы, желді ауа райы болса, оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ қалыптасады.

Қатты аязды 11 және 13 қаңтарда батыс облыстардың тұрғындары, 11-12 қаңтарда солтүстік облыстардың тұрғындары  сезінеді, мұнда түнде термометрлер 20-32 градусқа дейін төмендейді.