Алматы • 11 Қаңтар, 2024

Алматыға тамсанған The New York Times

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің ең беделді басылым­дарының бірі The New York Times жаңа жылда қыдырып баруға болатын жаһандағы 52 туристік дәстүрлі тізімін жариялады. Осынау айтулы тізімнің ортасынан біздің Алматы ойып тұрып орын алды. Дәлірек айтсақ, танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы қаласы тізімде 25-орында тұр.

Алматыға тамсанған The New York Times

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл ақжолтай хабарды еліміздің Туризм және спорт министрлігі жет­кізді. Аталған басылымның редак­циясы Алматы қаласы туралы былай жазыпты: «Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қа­ласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шаҺар әсерін қалдырады. Оның мәдени орталық ретіндегі мәртебесі гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны Auyl немесе tör ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңес дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз».

«Қазақстан кейінгі жылдары әлем­­дік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену турис­тердің біздің елімізге деген қы­зы­ғушылығының артып келе жат­қанын білдіреді», деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы – бұл рейтингке енген елі­міздегі бірден-бір қала. Бұған дейін 2017 жылы ЭКСПО көрмесі қар­­саңында Қазақстан осы тізімге енгізілген еді.