Теннис • 15 Қаңтар, 2024

Рыбакина тағы дара шыға ала ма?

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралияның ашық чемпионаты шымылдығын түрді.

Рыбакина тағы дара шыға ала ма?

ФОТО: prosports.kz

Аламанда отандасымыз, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда чехиялық теннисші  Каролина Плишковамен шеберлік байқасатыны белгілі болды. Каролина әлемдік рейтингте  қазір 37-орында тұрғанымен, қайбір жылдары тізімде көш бастаған, талай шеберлерді жарыс жолынан ығыстырған тәжірибелі спортшы. Сондықтан ертеңгі ойынды бүкіл әлемнің теннис жанкүйерлері асыға күтіп отыр десек, жаңсақ айтқанымыз болмас.

Ерлер арасында ел намысын қорғап жүрген әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик те турнирде тартынып қалмайтыны түсінікті. Ол да 16 қаңтар күні кордқа шығады. Қарсыласы – рейтингте 139-са­тыдағы үндістандық Сумит Нагал. Бублик қарсыласын жеңіп, турнирдің кейінгі айналымдарына жолдама алса, жалпы рейтингтің көш басындағы теннисшілердің бірімен кездесуі әбден мүмкін.

Теннис турнирлерінде тәуір нәтиже көрсетіп жүрген әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина болса словакиялық Вик­тория Грунчаковамен, ал Ю.Путинцева колумбиялық Камила Осориомен дуэт болып кім мықтыны анықтайды.  Ал ерлер арасындағы жұптық сында Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге дуэт құрайды. Ал Бублик жұптық жарыста сербиялық Душан Лайовичпен бірге өнер көрсетеді.