Үкімет • 16 Қаңтар, 2024

Күн тәртібі бекітілді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі бекітілді

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда экология­лық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арнал­ған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсы­нылады. Заң жобасы Мәжіліс депу­тат­тарының бастамасымен әзірленді. Құжат электромобильдерге арналған инфра­құрылымды дамытуға, электр қозғалт­қышы мен іштен жану қозғалтқышы бар көлік жүргізушілері арасын­дағы даулы мәселелерді шешуге, сондай-ақ электр зарядтау станса­ларын орнату жөніндегі қызметті реттеу үшін құқықтық тетіктер құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мәжілістің қарауы­на Халықаралық су ағындарын кеме жүр­мейтін пайдалану түр­лері­нің құқығы туралы конвенция мен ЕАЭО шеңберінде медици­налық бұйымдар айнала­сы­ның бірыңғай қағидаттары мен қағи­далары туралы келісімге енгізі­летін түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары енгізіледі.

Алдағы жалпы отырыста Па­лата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа ала­ды. Олар: «ҚР сот жүйесі мен судья­ларының мәртебесі тура­лы» Конс­титуциялық заңға енгізі­ле­­тін тү­зетулер, Су және Құрылыс кодекс­тері­нің жобалары, аумақтық қорғаныс туралы заң жобасы, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ бірқатар халықаралық келісім.