Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

Алматы әуежайында үш шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әуежайында үш шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады. Жалған төлқұжаттар алынды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен. 

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісін анықтады.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын еске салды.