Жәдігер • 19 Қаңтар, 2024

Жаңа жәдігермен толықты

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш тарихи-өл­кетану музейіне сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Түрік қағанатымен жалғасқан, Қазақ хан­ды­ғының және тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихын баян­дайтын небір құн­ды экспонаттар қойыл­ған. Көрме залдарында әр кезеңді көз ал­дыңа әкелетін көне жәді­гер­­лер, фотосуреттер бар. Жақында мұражай қоры тағы бір жаңа жә­дігермен толықты.

Жаңа жәдігермен толықты

Балқаштық білікті дәрігер Нина Васильевнаның немересі Иван Гончаров әжесінің қан қы­сы­мын өлшейтін құралы сфиг­мо­манометрді мұражайға тапсырды.

– Менің әжем 35 жыл бойы тек бір ғана ауруханада еңбек етіп, сол мекемеден зейнетке шық­­қан ақ халатты абзал жан. Бі­лікті дәрігер Нина Васильевнаны балқаштықтар жақсы біледі. Әлі есімнен кетпейді. Бұл құралмен әжем көршілердің қан қысымын өлшейтін. Көршілерімізде жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Сонда әжем осы арнайы құралдың кө­мегімен өлшеп, қалай емделуге кеңес беретін, – дейді дәрігердің немересі Иван Гончаров.

Cфигмоманометр 1962 жылы Ленинград қаласындағы Крас­но­гвардеец зауытында жасалған екен.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы