Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобалары бойынша баспасөз туры өтті

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі 23 қаңтарда Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жобалары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, оған республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобалары бойынша баспасөз туры өтті

Фото: gov.kz

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Оның басты мақсаты − еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында 12,2 млрд теңгеге 75,5 мың шағын несие беріліп, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысына келетін болсақ, өткен жылды мұнда 3 256 млрд теңгеге 19,8 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны ашылды. Кооперативтер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға басымдық берілді.

з

Баспасөз туры бағдарламасында бірінші нысан Қарнақ ауылындағы «Тәжитдин ата» АӨК бройлер етін өндіру жобасы болды. Оның құны 71,6 млн теңге, «Ауыл аманаты» бойынша оған 27,6 млн теңге бөлінген. Жоба жыл сайын 50 тонна құс етін шығара отырып, ауданы 15 сотықтан аспайтын шағын кеңістікті барынша пайдаланады. Бұл шаруашылық жерді үнемді пайдаланудың үлгісі болды. Айта кетейік, «Тәжитдин атада» өнім өндіру және сату тізбегі сауатты құрылған, ал құс етінің килограмы 1 500 теңгеден көтерме бағамен сатылады.

щ

Өңір үшін тағы бір маңызды бастама − Талапты елді мекеніндегі «Ran» ЖК балық өсіру жобасы. Оның құны − 12 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 7 млн теңге қаржыландырылды. Жоба жетекшісі өз бақшасында төрт бассейн салып, оған сазан шабақтарын жібергенін айтты. Шабақтар белгілі бір жасқа жеткенде сатылады және өңірде балық өнімдеріне сұраныс артады. Жобаның болжамды қуаты жылына 20 тонна өнім, алдағы жылдары тағы 15 бассейн салу және осылайша кәсіпорынды кеңейту жоспарланған.

з

Балтакөл ауылындағы наубайхананың басшысы Біржан Жүнісов БАҚ өкілдеріне өзінің жеткен жетістіктері жайында айтып берді. Онда күніне 300-350 дана нан сатылады. Кәсіпкердің айтуынша, ол «Ауыл аманаты» туралы естігенде жұмыссыз болған және оған жергілікті атқарушы орган құжаттарды рәсімдеп қана қоймай, бизнес-жоспар жасауға да көмектескен. Нәтижесінде ауыл тұрғыны өзінің шағын ісін ұйымдастыру үшін 8 млн теңге несие алды, негізгі қарызды төлеу күзде басталады. Ол несиені мерзімінен бұрын жабуды және тағы одан да ірі соманы алуды жоспарлап отыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасының жаңа ережесі фермерлерге кәсібін кеңейтуге 29 млн теңге алуға мүмкіндік береді.

д

Дегенмен, наубайхана Балтакөлдегі «Ауыл Аманатының» жалғыз жобасы емес, алақандай ауылда «Алға-БАМ» тары өңдейтін зауыты да бар. Өйткені ауыл тары өсірумен танымал болғанымен, оны өңдеу үлкен жобаны қажет ететін. Қазір Алға-БАМ зауыты тәулігіне 5500 келіге жуық тары өңдейді. Зауытта сусымалы өнімдерді құюға және буып-түюге арналған станок, өндірістік желі, диірмен секілді барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландырылған несие қаражатының көлемі 20 млн теңгені құрады.

д

Сонымен, журналистер назарына мал шаруашылығы бойынша екі жоба ұсынылды: бірі ангус тұқымды 15 бас ІҚМ, екіншісі сүт бағытындағы 15 бас ІҚМ сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

д

Айта кету керек, бағдарлама арқылы жүзеге асқан барлық жобалар тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, жалпы өңірге оң әсер етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді.

24 қаңтарда «Ауыл аманаты» жобалары бойынша баспасөз туры Қызылорда облысында жалғасады.