Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

«Аңдар да үрікті». Зообақтағы жануарлардың жел сілкінісін сезгені айтылды

2031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қаңтарға ауған түнде  орын алған жер сілкінісін Алматы қаласы хайуанаттар бағындағы   жануарлар да сезген, деп жазады  Egemen.kz.  

 

«Аңдар да үрікті». Зообақтағы жануарлардың жел сілкінісін сезгені айтылды

Фото: almatyzoo

«Түн ішінде зообақта күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды. Қызметкерлеріміздің айтуынша жер сілкінісіне дейін жануарлардың ешқандай ерекше іс-қимылдары байқалмаған. Жер сілкінгеннен кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар қанатын сабалап  шулай бастады», делінген   ақпаратта.  Зообақ қызметкерлері таңертеңгі тексеру кезінде  Паша мен Лола деп аталатын екі шимпанзенің  үрейден  бір-біріне тығылып отырғанын байқаған.