Қоғам • 25 Қаңтар, 2024

Шымкентте 900-дей жас баспаналы болды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды. Қазіргі уақытта азаматтармен арендалық жалдау шартын жасасып, қоныстандыру жұмыстары басталған. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 900-дей жас баспаналы болды

Фото: akimat_shymkent. Инстаграм.

«Конкурстан өткен азаматтарға арендалық жалдау шарты бойынша 1414-тен хабарлама жолданып жатыр. Жолданған келісімшартқа электронды қол қою арқылы пәтер кілтіне қол жеткізе алады», делінген хабарламада.

Еске салайық, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданған. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданған. «Жастар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.