Әлем • 26 Қаңтар, 2024

АҚШ-та өлім жазасының жаңа әдісі пайда болды

1360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Алабама штатында сотталған адам азотпен тұншықтыру әдісімен өлім жазасына кесілді. Бұндай жаза АҚШ-та алғаш рет қолданылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та өлім жазасының жаңа әдісі пайда болды

Фото: azattyq-ruhy.kz

1988 жылы әйелді өлтіргені үшін сотталған Кеннет Юджин Смит өзінің үкіміне шағымдануға тырысты, бірақ үш шағым да қабылданбады.

2022 жылы сот Смитті инъекция салу арқылы өлтірмек болды. Бірақ бұл сәтсіз аяқталды, процедураны жүргізген мамандар тамырға инені кіргізе алмады. Содан кейін үкімді орындау туралы ордердің мерзімі аяқталды.

«30 жылдан астам жүйені алдауға тырысқаннан кейін, Смит өзінің жантүршігерлік қылмыстары үшін жауап берді», деді Алабама губернаторы Кей Айви.

Штаттың бас прокуроры Стив Маршалл қатыгездік туралы айыптауларды жоққа шығарып, өлім жазасын «тиімді және адамгершілікке сай» деп мәлімдеді.

«Әділет орнады», деді ол.