Спорт • 26 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: 26 қаңтардағы жарыс кестесі

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында спортшыларымыз спорттың 3 түрі бойынша бақ сынайды. Туризм және спорт министрлігі 26 қаңтардағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канвон-2024: 26 қаңтардағы жарыс кестесі

Фото: gov.kz

Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Тау шаңғы спорты.

8:00. Аралас жұптық бәсеке.

Александра Скороходова
Ростислав Хохлов

Фристайл могул.

10:00. Аралас жұптық бәсеке.

Денис Раструба
Юлия Феклистова

Конькимен жүгіру.

8:30. Ұлдар/қыздар. Масс-старт

Руслан Жанәділов
Михаил Матрюхин
Кристина Шумекова
Алина Шумекова

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Бұл додаға Қазақстанның 41 спортшысы қатысып жатыр. Жалпы аталған бәсекеге әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады.