Қаржы • 01 Ақпан, 2024

Шегірткемен күреске қосымша қаржы бөлінді

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алуға тиісті шаралар қабылдады. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Шегірткемен күреске қосымша қаржы бөлінді

Фото: pixabay.com

Атап айтқанда, Үкімет резерві­нен үйірлі шегірткелердің жап­пай тара­луының алдын алуға, жайы­лым­дарға зиянын тигіз­беуге, ауыл ша­руашылығы дақыл­­дарын жо­юы­­на, сондай-ақ көрші мем­­­ле­кет­­тердің іргелес аумақ­та­ры­на көшуіне жол бермеу үшін олар­дың таралуы мүм­кін бар­лық бол­­жамды алаңда то­лық кө­лем­ді химиялық өңдеу жұ­мыс­­та­рын жүргізу бо­йынша шұғыл шы­ғындарға 3,9 млрд теңге бөлінді.

Елімізде кейінгі жылдары шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га. 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді. 2023-2024 жылдарға шегірткенің жаппай таралуының 11 жылдық циклінің үдемелі кезі сәйкес келеді.

Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді. Алайда 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша шегірткенің таралу алаңы ұлға­йып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық.

Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес ше­гірт­ке­ге қарсы химиялық өң­деу жұ­мыс­тарын жүргізуге бағыт­талады.

Еске сала кетейік, Қазақстан аумағын­да шегірткенің үйір­лі (азия­лық, италиялық және марок­колық) және үйірлі емес түрлері та­ралған. Пестицидтерді са­тып алу және оларды сақ­тау, тасы­малдау және қолдану қыз­мет­тері сынды шегірт­келер­ден қорғау іс-шараларын ұйым­дас­тыру рес­публика­лық бюджет қара­жаты есебінен жүзеге асырылады.