Қоғам • 01 Ақпан, 2024

Заңға қайшы келген 16 конкурстың қорытындысы жойылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды, деп жазады Egemen.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

 

Заңға қайшы келген 16 конкурстың қорытындысы жойылды

Фото: gov.kz

«Күшін жоюға қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісім-шарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болды. Мысалы, Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған. Бұл бір жылдан астам келісім-шарт жасасу негіздерінің толық тізбесін қарастыратын Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қайшы келеді», делінген ақпаратта.

Заң бұзушылық  қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталып, прокуратура қызметкерлері бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.