Теннис • 04 Ақпан, 2024

Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті

Фото: sports.kz

Қазақстан теннисшісі жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.