Пікір • 06 Ақпан, 2024

Алдымызда айқын мақсаттар тұр

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің Премьер-министрі болып тағайындалды.

Алдымызда айқын мақсаттар тұр

Олжас Абайұлы – елдік мүдде жолында жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Сондықтан ол жаңа қызметте өзіне жүк­телген маңызды міндеттерді мүлтік­сіз орындайды деп сенеміз және соған тілектестігімізді білдіреміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі таңда ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр. Бұл бағыттағы бас­тамаларды жүзеге асыру үшін батыл шешімдер мен нақты істер қажет екені де айтылды. Осы ретте Парламент Сенаты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау үшін Үкіметпен әрдайым қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін атап өткім келеді.

Олжас Абайұлын жаңа қыз­метімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік және толайым табыс тілеймін!

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы