Қоғам • 09 Ақпан, 2024

Ел азаматтары наурыз айында қанша күн демалады?

1754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Ол 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ел азаматтары наурыз айында қанша күн демалады?

фото:dzen.ru

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні жұмаға сәйкес келеді.

Нәтижесінде ел азаматтары келесідей демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан: 8, 9 және 10 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн: 8 және 10 наурыз (жұма, жексенбі).

Ел азаматтыры Наурыз мейрамын бес күн тойлайды.

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін бес күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбіден демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн: 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

Барлығы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында 14 демалыс және 17 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.