Өнер • 13 Ақпан, 2024

Майқұдықтағы Мұқағали кеші

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдас­тырылған «О, махаб­бат, сен әлі тірі ме едің?» атты әдеби-сазды кеш өлеңсүйер қа­уым­ды Май­құ­дықтың мәдениет үйіне жинады. Жиында ақын Серік Ақсұң­қарұлы бастаған қаламгерлер өлең оқып, Арқа ән өнерінің көрнекті өкілдері Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді әуелетті.

Майқұдықтағы Мұқағали кеші

Бүгінде Қарағанды қаласы әкімді­гінің ақындарға деген қамқорлығы ерек болып тұр. Поэзия кештерінің бірінен соң бірінің дүркіреп өтуіне шаһар билігінің шарапаты зор. Осы бір әдеби-сазды кешті ұйымдастыруға да Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалына қолдау көрсетті.

Әдеби-сазды кештің шымылдығын Сәкен театрының актерлері түрді. Ақын үнін аңсап келген көрермен Мұ­қаға­лидың дәуіріне сапар шекті. Мұз­балақ ақынның өлеңдері оқылды, әнде­рі де өзінің сәнімен тебірене орындалды.

Поэзия кешінде Абай атындағы Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақ­сұңқарұлы, Қойлыбай Асанов, Қайрат Асқар, Ілияс Мұқай, Ер­ғанат Кеңесбекұлы, Салтанат Сма­ғұлтегі, Сұлтан Дәулетхан, Айнұр Жаппарқұлова секілді ақындар жырдан шашу шашты. Сондай-ақ Ерік Нарын, Әділет Шопен, Кәмшат Хасен, Ерке­бұлан Елеусізұлы сынды жас буын да көрерменді тәнті етті.

Бұдан соң көпшілік студент жас­тардың өнерін тамашалады.

Міне, осылай әр буынды жеке-жеке топтастырып, сахнаға шығару арқылы ұйымдастырушылар Қарағандының әдеби ортасын көрсетті.

Ерекше форматтағы әдеби-сазды кешке облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30