Медицинаның осы заманғы жетістігін пайдалану нәтижесінде екі сағатқа созылған операция барысында науқастың бүйрегі аман қалды.
– Операция зейнеткер кісіге жасалды. Ол денсаулығы сыр берген бойда дереу дәрігер көмегіне жүгінген екен. Бүйрегінде жасушалық обыр бар болып шықты. Яғни ауру дер кезінде анықталды. Адамдардың уақтылы скринингтен өтіп тұрғаны дұрыс, – дейді Т.Құрманов.
Өкінішке қарай, аймақта қатерлі обыр көбейіп жатыр. Айталық, өткен жылы 14 адамнан бүйрек обыры анықталса, ал биыл қазірдің өзінде 13 кісіге осындай диагноз қойылды. Бұрын операция жасау керек болғанда мұндай аурулар Қарағанды, Астанаға жіберілетін еді. Жезқазғандық дәрігерлер алдағы уақытта мұндай операция жасауға өздері де кірісіп қалуы мүмкін. Өйткені Жезқазған медицина орталығы бұған қажетті құрылғылармен жабдықталды.
Ұлытау облысы