Қоғам • 14 Ақпан, 2024

Иммигранттарға жұмыс істеуге рұқсат беру шарттары өзгереді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иммигранттарға жұмыс істеуге рұқсат беру шарттары өзгереді

Фото: Almaty.tv

Еңбекші көшіп-қонушыларға бір айдан он екі айға дейінгі кез келген мерзімге жұмысқа рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Қазір мұндай рұқсат бір, екі, үш немесе он екі айдан кем болмауы қажет мерзімге беріледі. Бұл ретте жұмыс істеуге берілетін рұқсаттың мерзімін ұзарту да бір, екі немесе үш ай болуы мүмкін.

Сонымен қатар енді жұмыс істеуге рұқсатты мерзімі біткенге дейін елден шықпай-ақ ең көбі үш айға ұзартуға болады.