Қоғам • 16 Ақпан, 2024

«Ұлттық ұлан аруы - 2024» фотобайқауы басталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құқықтық тәртіп әскерлері арасында  «Ұлттық ұлан аруы-2024»  конкурсы өтеді, деп  жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Ұлттық ұлан аруы - 2024» фотобайқауы басталды

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Фотоконкурс әйелдердің табиғи сұлулығын, зияткерлік және шығармашылық дамуын, қоғамдық қызметке белсенді араласуын байқату және құқықтық тәртіп әскерлері әйелдерінің имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсқа Ұлттық ұланда қызмет ететін 18 жастан 40 жасқа дейінгі әйел әскери қызметшілер қатысады. Байқауға қатысушылар 3 фотосурет ұсына алады:

- ұлттық ұланның нысанды киім-кешегінде;

- ұлттық киімде;

- сүйікті ісімен (хоббиімен) айналысу сәтіндегі фотосурет.

Дауыс беру Ұлттық ұланның Instagram national_guard_kaz ресми парақшасында өтеді.

Жеңімпаздар ұнату белгісінің саны бойынша анықталады. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.