Төтенше жағдай • 17 Ақпан, 2024

Семейде балабақша өртке оранды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешкі сағат 17.37-де Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті 101 пультіне оқыс оқиға орын алғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Семейде балабақша өртке оранды

Семей қаласындағы Павлов көшесінде орын тепкен балабақшада өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін балабақшаның 2 қабатын ашық жалын шарпығанын анықтады.

- Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп жазды ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.