Өнер • 18 Ақпан, 2024

«Отбасымызға қауіп төнді»: Әли Оқапов тегін неліктен үш рет өзгерткенін айтты

2411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Роза Рымбаеваның ұлы, әнші әрі музыкант Әли Оқапов «Менің өмірім» бағдарламасына қонақ болып, өткен өмірі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Отбасымызға қауіп төнді»: Әли Оқапов тегін неліктен үш рет өзгерткенін айтты

Ол әңгіме арасында өз тегінің неліктен үш рет ауысқанын түсіндірді. Жұлдызды шаңырақтың отағасы өмірден өткен соң, анасы мен балалары қиын кезеңдерді бастан өткерген.

- Барлығын ашып айта алмаймын, бірақ отбасымызға қауіп төнген жағдайлар да өтті. Соған байланысты тегімді үш рет ауыстырғам. Негізі Оқапов боп туылғам, кейін Тасқынұлы болдым. Сосын Рымбаев деп өзгерттім. Кейін, 16 жасқа келгенде алғашқы төлқұжатымды аларда «Мама, енді бәрі тынышталған сияқты, біз үшін ештеңе қауіпті емес сияқты. Қалай қарайсың, мен негізі Оқаповпын ғой, түрім де, мінезім де әкеме тартқан. Сен қарсы болмасаң, құжатымды қайтадан Оқапов деп өзгертіп алсам» деп едім. Анам қарсы болған жоқ, «әрине, өзің шеш» деп айтты. Анам әрқашан бізге еркіндік береді. Ал Мәди ол кезде кішкентай, «онда Мәди Рымбаев болып қала берсін» деді, дейді Әли Оқапов.

Сондай-ақ өнер иесі отбасына қауіп төндірген жағдайды ашып айтудан бас тартты.

- Себебін айта алмаймын, өткен нәрсе өтті. Біз аман-есенбіз, арты жақсы болды, бастысы – сол. Қазір енді арада көп уақыт өтіп кетті ғой. Кей кездері «осы шынымен болды ма, болмады ма» деп сенбей, ойланып қалам, - деді әнші.