Тағайындау • 19 Ақпан, 2024

Абай облысында құрылған жаңа ауданның әкімі тағайындалды

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент әкімшілігі және Жаңасемей аудандық мәслихаттарының келісіміне сәйкес, Абай облысы әкімінің өкімімен бұған дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Базарбаев Жаңасемей ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында құрылған жаңа ауданның әкімі тағайындалды

Президент Жарлығымен өткен жылдың соңында құрылған жаңа ауданның басшысы Руслан Ерланұлы 1989 жылы Семей қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Премьер-министр кеңсесінде бас сарапшы, бас инспектор, бас консультант қызметтерін атқарған.