Маңызды жиынға тарих ғылымдарының докторы, академик Х.Әбжанов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ш.Тілеубаев және сұлтанның ұрпақтары һәм архив, кітапхана қызметкерлері қатысып, ғалымдар туынды туралы ойларымен бөлісті.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архиві, Орынбор облыстық мемлекеттік архиві, Өзбекстан Республикасының Ұлттық архиві қорларында сақталған һәм осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енгізілмеген тың құжаттар, сонымен қатар шежіреші Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының қолжазба қорында сақталған деректер, «Бекет батыр» жырында айтылатын Жапар сұлтанның Бекет батырмен бірге Березов түрмесінен қашып шыққаны туралы да мәліметтер енгізіліпті.