Өнер • 21 Ақпан, 2024

Ләйлім, Гәкку: Жұбаныш Жексенұлы екі немересіне әннің атын қойғанын айтты

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықтың ыстық ықыласына бөленген әншілердің бірі Жұбаныш Жексенұлы “Жарқын жүздесу” бағдарламасына қонақ болып, тұңғыш рет отбасы жайында әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ләйлім, Гәкку: Жұбаныш Жексенұлы екі немересіне әннің атын қойғанын айтты

Өнер иесі екі ұлынан екі немере сүйіп отырғанын, екеуіне де әннің атын қойғанын жеткізді.

- Есімдерін Ләйлім және Гәкку деп қойдық. Ләйлім – Әбілқайырдың қызы. Гәкку – Жанәділдің қызы. Екеуіне де әннің атын қойдық. Әнге бейімі өсе келе белгілі болады ғой. Біз баланы тәрбиелегенде "Мынадай боласың" демедік. Тек қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз. Балаларым алдымен, маман болады. Қандай кәсіпті игерсе де, кәсіби тұрғыда меңгеруін талап еттік, – дейді әнші.

Бағдарламаға оның үлкен ұлы да қатысты. Ол эстрада әншісінің үйде қандай әке екенін әңгімелеп берді.

- Әкеміз кішкентай кезімізде ғана еркелетті. Негізі, әке деген қатал болуы керек. Бұл кісі - өте талапшыл, мейірімді, ақкөңіл. Анам да керемет жан. Үнемі біз қатысатын түсірілімдерге келіп, қолдау білдіреді. Тіпті, мен кішкентай күнімде кумирімді көру үшін Америкаға бардым. Осы кісілер қолдап, арманымды орындады, – деп ағынан жарылды жас әнші.