Фото: POLICE_of_KZ
«Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді. Қ.А. Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз осы жылдың 22 қаңтарында Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген. Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылынан табылды», делінген ақпаратта.