Спорт • 26 Ақпан, 2024

Қазақстанда 1000 футбол добынан тұратын алаң пайда болды

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында ерекше инсталляция бар. Бұл - 1000 футбол добы қойылған үлкен алаң. Жоба авторлары оның идеясы мен не үшін жасалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 1000 футбол добынан тұратын алаң пайда болды

Инсталляция «Мүмкіндікке толы футбол алаңы» деп аталады. Оның авторы — шағын қалалар мен ауылдарда, яғни балалар тәжірибелі тәлімгермен бірге спортпен шұғылдана алмайтын жерлерде, тегін жаттығулар ұйымдастыратын коммерциялық емес Supernovas балалар жобасы. 1000 доптан тұратын алаң осы бір әділетсіздікке тосқауыл қойып, балалар футболына назар аудартып, Қазақстанда батыл идеяларды жүзеге асыруға болатынын дәлелдеуге бағытталған.

«Мүмкіндікке толы футбол алаңы — шекаралар жойылып, жаңа бастамаларға жол ашатын жер. Бұл үйреншікті нәрсеге жаңа қырынан қарап, мықты идея қар қатқан алаңды да жарып шығатынын дәлелдеудің амалы. Осы тұста бізге 1000 доп көмектесе ала ма? Бірге көз жеткізейік!», делінген бейнероликтің сипаттамасында.

Supernovas - 2022 жылдан бастап бүкіл Қазақстан аумағында 9 секция ашқан InDrive-тың халықаралық бастамасы. Жоба командасы әрбір бала өз әлеуетін көрсете алатын тату әрі демеу болатын қауымдастықты құрады. Supernovas-тың басты құндылықтары: қауіпсіздік, ашықтық, позитив, тұлғалық даму, жауапкершілік пен командалық рух.

«Supernovas үшін балалар әрдайым бірінші орында. Біз олардың бастамаларын қолдап, таланттарын дамытып, өзіне деген сенімділікті қалыптастырамыз. Біздің командамыз үшін әр бала - жұлдыз, біз олардың барлық жетістігін мақтан тұтамыз. Біздің бапкерлер жай ғана жаттықтырушылар емес, олар ойын техникасымен қатар, өмірлік кеңестерін де айтып отыратын тәлімгерлер. Біз бапкерлер құрамын оқыту кезінде жауапкершілік танытып, оларға түрлі ресурстар және әдіскерлер мен психологтардың көмегін де ұсынамыз», дейді Supernovas өкілдері.