Университет • 27 Ақпан, 2024

Бағыты айқын «Қазына»

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институ­тын­да «Қазына» этнопедагогика және этно­психология орта­лығы ашылды. Аталған орталықта ізденушілер ұлттық тәр­бие­нің жетістіктерін нақты жағдайда пайдалануға үйренеді.

Бағыты айқын «Қазына»

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауын­ша, «Қазына» орталығы инс­титуттың ғылыми-инфра­құрылымын кеңейту, білім алушылардың ғылыми-зерт­теу жұмыстарына қызы­ғу­шылығын тудыру және этно­мәдени-та­нымдық көз­қа­рас­­тарын же­тіл­діру, ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарының сапасы мен көкей­кестілігін арттыру мақса­тын­да ашылды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, заманауи-тәжі­рибелік, ақпараттық қыз­мет бағыттарын қамтитын орта­лық та ізденушілер ұлттық тәр­бие ісінің жетістік­те­рін нақ­ты жағдайда пай­да­лануға үйре­неді.

Орталықтың ашылуы­на Altynsarin institute-ның доценті, этнопедагогика пәнінен ұзақ жылдар бойы студенттерге дәріс оқыған зейнеткер-ұстаз Пернекүл Ахметова, облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайы­ның директоры Рауан Абдуллажанұлы, Ғылыми-зерттеу орта­лығы­ның же­тек­шісі Жанар Бай­сеит­қы­зы және инс­титут­тың про­фессор-оқы­тушылар құрамы мен сту­дент­тері қатысты.

Ашылуында сөз алған ардагер педагог П.Ахметова: «Ұлт руханиятының аласармас биігін насихаттайтын орталықтың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Білім алушы мен білім берушілер­дің ұлттық рух-жігерін ұштайтын, патриоттық сезі­міне қозғау салатын, ұла­ғатты ой мен рухани қорек беретін алаңға айналатынына сенім білдіремін. Себебі біздің мемлекетімізге тек білімді азамат емес, отан­­сүйгіш, ұлтжанды перзент керек. Болашақ ұстаз­дар­ды даяр­лайтын оқу орнын­да осындай орта­лық­тың ашылғаны қуан­та­ды», деді.

Алдағы уақытта ата-бабадан қалған қазыналарымызды зерттеуге, зерттеулер нәти­же­сін педагогика мен психологияда пайдалануға ба­ғыт­­талған «Қазына» этнопе­да­гогика және этнопсихология орталығының ұжымы Арқалық қаласының мәдени-ағар­ту ошақтарымен қоян-қол­тық жұмыс істеуді жос­­парлап отыр.