Мирас • 29 Ақпан, 2024

Қыран баптаған қыз

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аяжан есімді ару қыран баптап жүр. Ол «компьютерлік ғы­лымдар» мамандығында оқып жүрсе де, атадан қалған құс­бегілік өнерді жанына серік еткен екен.

Қыран баптаған қыз

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аяжан Даниярқызы бүгінде Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлт­тық зерттеу университетінің «ком­­пьютерлік ғылымдар» маман­дығы бойынша 3-курста білім алып жүр. Аяжанның сабақтан тыс уа­қыт­та құс­бегілік өнермен айналы­сып жүр­геніне 2 жылдай уақыт болыпты.

Бұған дейін ол «Сұлтансері» эт­но­­графиялық орталығының әлеу­­­меттік желілерге жариялаған са­дақ­­шы қыздар кастингіне қаты­сып, сол жерде тәлімгері Сұл­тан­сері Бекетұлының құстарға қам­қорлығын көріп, қос қанаттыларға деген қызығушылығы пайда бол­ған. Басында жай ғана ермек қылып жүрген ол кейін осы бүр­кіт­шілік жолды таңдады. Өйт­кені оны бүркіттің адамға деген ба­уыр­малдылығы, сенімділігі, қы­­рағылығы мен күштілігі ерек­ше таңғалдырыпты. Жаттығу ке­зінде алғашқы бүркіттердің бірі Аяжанға қатты бауыр басып қал­ғаны соншалық, тек соның ғана бұй­рығын тыңдап, кейде тіпті өз иесіне де бағынбайтын болған.

Кейіпкеріміз құсбегілік өнер арқылы елімізде ұлттық спорттың осы түрін мықтап қолға алуды жос­пар­лап отыр. Тіпті ол өзінің бұл өнері туралы сағаттап әңгімелеуге бар. Осы күнге дейін Аяжан екі құс­ты баптап үлгерген. Жыл бойы бір­неше рет бүркітшілер сайысын­да алғыр­лығымен көзге түсіп, финалға дейін жетті. Қазір қыран баптаған қыз республикалық турнирде же­ңім­паз­дар қатарынан көріну үшін барын салып, қызу дайындалып жатыр.