Спорт • 01 Наурыз, 2024

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz арнасына сілтеме жасап.

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: ©Reuters

Иржи Лехечкамен (#36) өткен ойын барысында теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл кезде 6:4, 4:1 есебімен Қазақстан теннисшісі алда тұр еді. Осылайша Бублик осы маусымдағы үшінші турнирдің жартылай финалында ойнайды.

Ол финалдың жолдамасын Александр Андрей Рублевпен (#5) сарапқа салады. Екінші жартылай финалда Даниил Медведев (#4) пен Уго Умбер (#18) кездеседі.