Елорда • 05 Наурыз, 2024

Елордада жалға берілетін пәтер иелерінің тізімі белгілі болды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй иелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жалға берілетін пәтер иелерінің тізімі белгілі болды

Фото: polisia.kz

Елордалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жалға берілетін баспана бағдарламасының нәтижесі жарияланды. 

Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер екіге бөлінеді: өткендер мен өтпей қалғандар тізімі.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр. 

Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі қарайғы іс-қимылды түсіндіреді. 

«Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте сақ болуды өтінеміз», дейді әкімдіктен. 

Өйткені тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон шала отырып, ешқашан кредит, қарыз өтеуді, үй беру үшін бұғатты алып тастауды сұрамайды.

Толық тізімді сілтеме арқылы көре аласыз.