Қоғам • 06 Наурыз, 2024

Әр балаға 70 мың теңге беріле ме? Министрлік жауап берді

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде осы жылдың шілде айынан бастап әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі деген хабарлама тарады. Ақпараттың анық-қанығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.

Әр балаға 70 мың теңге беріле ме? Министрлік жауап берді

Фото: zhasorken.kz

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Бұл ақпарат жалған», деп жауап берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жауапты мекеме азаматтарды ресми ақпаратқа сүйенуге шақырып, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35