Парламент • 08 Наурыз, 2024

Мәжіліс Төрағасы 8 наурыз мерекесімен құттықтады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс Төрағасы 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау лебізінде:

«Ардақты аналар! Қымбатты ханымдар!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – өмірге шуақ, жанға жылулық әкелетін ерекше мейрам.

Біз әрдайым асыл аналарымыз бен әзиз әжелеріміздің, аяулы аруларымыздың алдында басымызды иеміз. Өйткені, әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, бірлік пен берекенің бастауы, мемлекетіміздің тірегі.

Сіздердің қоғамдағы және ел дамуы жолындағы рөлдеріңіз орасан зор. Қыз-келіншектер адами асыл қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиелеумен қатар, барлық салада биік белестерді бағындырып келеді.

Осы шуақты мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен амандық тілеймін!

Өмірлеріңіз көктемдей көрікті болғай!», делінген.