Спорт • 12 Наурыз, 2024

Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Айбек Оралбай америкалық Жамар Таллейді барлық раундта ұтып, Олимпиадада шаршы алаңға шығуға мүмкіндік алды.

Нұрбек Оралбай ширек финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Колин Кассидиді 4:1 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан бокс тарихында Айбек және Нұрбек (егіз боксшылар) Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласады.

Сәкен Бибосынов 4:0 есебімен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері британдық Киаран Макдональдты жеңді. Сәкен Бибосынов отандық бокс тарихында Болат Жұмаділовтен кейін қатарынан екінші рет баратын спортшы атанды.

Махмұд Сабырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді. 22 жастағы жерлесіміз көптен күткен Олимпиаданың шаршы рингінде бақ сынауға мүмкіндік алды. 57 келіде қазақ тарихында бір ғана боксшы Олимпиада жүлдесін алған (Бекзат Саттарханов, Сидней 2000).

Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов әзербайжандық Вархан Алиевтен 5:0 есебімен басым түсті.

Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері:

51 кг: Сәкен Бибосынов (Әлем чемпионы)
57 кг: Махмұд Сабырхан; (Әлем чемпионы)
71 кг: Асланбек Шымбергенов; (Әлем чемпионы)
80 кг: Нұрбек Оралбай; (Әлем чемпионы)
92 кг: Айбек Оралбай; (Азия чемпионы)

Естеріңізге салайық, бұған дейін ерлер арасында +92 кг-Қамшыбек Қоңқабаев, ал әйелдер арасында 57 кг-Карина Ибрагимова Париж-2024 жолдамасын жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03