Көрме • 12 Наурыз, 2024

Көктем көріністері көз арбайды

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орталық музейде бейнелеу және қолданбалы өнер туын­дыларының ауқымды көрмесі ашылды. «Бір шаңырақ астында» деп аталған өнер жәрмеңкесі наурыз рухын, көктем пейзаждарын, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыстық ерек­ше­ліктерін бейнелеген елі­міздің аса танымал су­­ретшілерінің шығар­машылық жұмыстарын паш етеді.

Көктем көріністері көз арбайды

Көрменің басты ерекшелігі – қылқалам шеберлері көктем мерекесі қарсаңында арнайы салынған, сиясы кеппеген жаңа шығармаларын көрермен назарына ұсынды. Павлодар, Өскемен, Тараз, Шымкент, Ас­тана қаласының суретшілері атсалысқан көр­меге 100-ге жуық шығарма қойыл­ған. Сондай-ақ отандық қолөнер шеберлерінің биік тал­ғамынан туған ұлттық нақыш­тағы қуыршақтар да көрермен көз­айымына айналды.

нг

Экспозицияда Майса Ықла­сова, Полина Крутова, Анна Петракова, Елена Па­нина, Лау­ра Сатпаева, Елена Попо­ва, Ержан Бұхарбаев, Күміс­ай Шарипова, Гауһар Жү­нісова, Салтанат Жапарова, Айгерім Орал, Толқын Қал­имова, Ата­бек Бекболатов сын­ды су­­ретшілер мен қол­өнер­ші­лердің қол­таңбасы бір­ден көзге түседі. Отандық сурет өнерінің алуан түрлілігі мен тереңдігін көрсететін ауқымды іс-шара Наурыз мерекесіне орай ұйым­дастырылған.

рпо

 – Көктем мені айналаның бәріне ғашық етіп жыл сайын гүл боп оралады. Бұл сезімді көкірегімде мәңгілік сақтап қал­ғым келеді. Бала кезден кө­ңілім айналамдағы бояуларды ерекше әсермен қабылдайды. Аялдамадан басталатын қала тіршілігі тұнжыраған ауа райы­мен қосылып мені бейжай қал­дырмайды. Тіршілік тынысы көңілімдегі сезім тереңдігінде бояу тілімен үн қатып ақ қа­ғазға түскенше жанымды ар­палысқа салады. Жаным ай­наладағы әлемнен өзгеше үйле­сім іздейді. Бүкіл көңіл күйімді жан-дүниемді өнер арқылы сыртқа шығарамын. Бұл барлық суретшіге тән сезім шығар. Адам өмір бойы өзіндегі кемшіліктерімен күресіп оны жеңе білуі шарт. Да­рының болса да оны тәрбиелеп, шыңдау керек. Еркін ойлы адам ғана өнерде жасампаздыққа қол жет­кізеді, – дейді суретші Анар Әбжанова.

апо

 

АЛМАТЫ