Сенат • 13 Наурыз, 2024

Сенатта халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті депутаттары тарапынан «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кеңейтілген отырыста талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Фото: А.Байжұманов, Н.Байбуллин

Құжат халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді жақсартуға, пациент құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ медицина қызметкерінің беделін арттыруға көмектеседі. Заң медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге, медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдік белгілеуге, медицина мамандығының мәртебесін және тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы медицина қызметкеріне кәсіби қауіптерді азайтуға, медициналық қызмет алу кезінде азаматтар құқықтарын қорғау, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Сенаттың аталған комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.