Қоғам • 14 Наурыз, 2024

Қазақстанда қатыгез ерлердің саны азая ма? Сенат Төрағасы пікір білдірді

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты резонансты іс аяқталғаннан кейін қоғамда қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қатыгез ерлердің саны азая ма? Сенат Төрағасы пікір білдірді

фото: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Бишімбаевтың ісі бойынша нақты нүкте қойылғаннан кейін қоғамда елеулі өзгерістер орын алады. 

«Бишімбаевтің ісі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ біз қарастырып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң қабылданғаннан кейін қоғамда елеулі өзгерістер болады. Біздің қоғам қазірдің өзінде өзгерген. Салыстырмалы түрде өткен жылға қарағанда қазір адамдар отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін басқаша қабылдайды. Сондай-ақ адамдар үндемей отырмайды, әйелдер наразылығын білдіріп, бұл туралы ашық айта алады», деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы сот шешімі әділ болатынын алға тартты. 

«Сот шешімі әділ және заңды болатынына еш күмәнім жоқ. Сот та, Жоғарғы Сот басшылығы да қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеді деген ойдамын», деді Мәулен Әшімбаев.