Жоғарғы Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев өз сөзінде, әкімшілік істердің жыл сайын көбейіп келе жатқанын, оның басым бөлігі тұрғын үй, салық, жер дауларына қатысты екенін атап өтті. Айтуынша, Мемлекеттік органдарға қатысты талап қоюлардың 60 пайыздан астамы қанағаттандырылған.
Сондай-ақ ол мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу өкілеттіктерін Үкіметке беру туралы айтып өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдаған әкімшілік әділет саласын жетілдіру және қолдану аясын кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасында айтылған. Онда азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс белгіленбеуі туралы істер туралы дауларды әкімшілік әділетке беру АПК-тің 44-тарауы); нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы (АПК-нің 30-тарауы) және т.б. қарастырады.
Семинар барысында Түркіменстандағы GIZ жобасының жетекшісі Йорг Пуделька, ҚР Жоғарғы Сотының ӘІЖСА-ның төрағасы А.Түкиев және Өзбекстан Жоғарғы Сотының судьясы Дилмурод Каримов әкімшілік акт туралы айтып өтті.
Әкімшілік актіне шағымданудағы сот тәртібі туралы Тәжікстан Жоғарғы сотының судьясы Саломат Хакимзода, Германияның әкімшілік сотының судьясы Даниель Деба, Қырғызстан қалалық соты төрағасының орынбасары Болотбек Сатыбалдиев және Қазақстандағы GIZ жобасының құрамдас бөлігінің жетекшісі Алмат Ғаббасов сөз сөйледі.
Әкімшіліктің кейбір аспектілері туралы Өзбекстанның Судьялар жоғары мектебінің әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Батыр Самарходжаев, GIZ жобасының Тәжікстандағы ұлттық үйлестірушісі Абубакр Иномов, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Аида Байтурова мен Қырғызстанның әкімшілік сотының судьясы Назгүл Атаканова ойларын ортаға салып, мазмұнды пікір алмасты.
Семинар соңында А.Түкиев Қазақстандағы әкімшілік әділет институтының жұмыс істегеніне салыстырмалы түрде көп уақыт өтпесе де, ол азаматтардың, бизнестің заң үстемдігіне деген қатынасын қазірдің өзінде өзгертіп жатқанын баса айтты. Сондай-ақ ол сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мақсатында ашық талқылауға дайын екенін атап өтті.