Елорда • 17 Наурыз, 2024

Шаңырақ күні дүниеге келген сәбилердің аналарына сыйлық табысталды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Шаңырақ күні дүниеге келген сәбилердің аналарына сыйлық табысталды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

!с-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналарға сәбилердің туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күнінінде отбасылық құндылықтар насихатталады.