Қоғам • 19 Наурыз, 2024

Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға қатысты арнайы комиссия құрылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайды

Фото: inbusiness.kz

Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны ауыстыруға байланысты ашық конкурс жарияланатынын айтқан еді. Мемлекет басшысы бұл шешімге оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жататыны түрткі болғанын жеткізді. 

Қаржы министрі осы мәлімдемеден кейін елтаңбаны ауыстыру шешімін қарайтын арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.

«Елтаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», деді министр. 

Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға бөлінетін қаржы мөлшері мен қайдан алынатыны алғашқы мәселе шешілгеннен кейін талқыланатынын айтты.