Экономика • 19 Наурыз, 2024

Мобильді аударымдар: Қаржы министрі жаңа өзгеріс болатынын айтты

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгеріс талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мобильді аударымдар: Қаржы министрі жаңа өзгеріс болатынын айтты

Фото: Ашық дереккөзден

Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға шектеу енгізу, белгіленген соммадан асқан жағдайда салық салу мәселесі талқыға түскеннен бастап, кәсіпкер ретінде тіркелгендер саны көбейгенін айтты.

«Бүгінде үш айдың ішінде бір нөмірге әртүрлі адамдардан түсетін аударымдардың саны 100-ден аспауы тиіс. Одан көп болып кетсе, бақылау шаралары басталады. Жылдың басында барлығы дүрлігіп кетті, қолма-қол ақша іздей бастады. Адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатыр. Қаңтар айында шамамен 75 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Бұрын бір айда 2-3 мың адам тіркелетін. Ал ақпан айында 70 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Демек адамдар кәсібін заңдастырып жатыр», деді Мәди Тәкиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Қаржы министрінің айтуынша, мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгеріс талқыланып жатыр. Өзгеріске сәйкес үш айда бір адамға жіберілген мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы қажет.

«Заң бойынша бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті», деді Қаржы министрі.