Ауа райы • 19 Наурыз, 2024

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

1501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: astanatv.kz

Болжамға сәйкес, Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында 17-22 м/с жел соғады.

Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын жауады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.