Қылмыс • 19 Наурыз, 2024

Қаңтар оқиғасы: Назарбаевтың туысы Самат Әбіш сотталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша айыпты деп танылып, шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Назарбаевтың туысы Самат Әбіш сотталды

«26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен сегіз жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», делінген Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен «Дат» газетінің жазбасында.

Еске салайық, Назарбаевтың жиені Самат Әбіш қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен айырылды. 

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Самат Әбіштің үстінен қаңтар оқиғасы кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

2024 жылдың 15 қаңтарында Әбіштің ісі сотқа жіберілді, 28 ақпанда Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл іс сотта екенін мәлімдеді.