Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Қазақстанға жалған құжатпен 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілген

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жүк көліктерін заңсыз кіргізген қылмыстық жүйе тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға жалған құжатпен 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілген

Фото: видеодан скриншот

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ  205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.