Аймақтар • 26 Наурыз, 2024

Түркістанда браконьерлер ұсталды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері Келес ауданы аумағында рейд жүргізу барысында моторлы қайық тіркеген ВАЗ автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістанда браконьерлер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Тексеру барысында учаскелік инспекторлар қайық, мотор, ау, тағы басқа жабдықтарды және 100-ден астам балықты тәркіледі. Анықталғандай, 45 жастағы ер адам Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаған.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жай анықталып жатыр.