Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Шығыс Қазақстан облысында үш ер адам өзенге ағып кетті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылының азаматтары трактормен Борлы өзенінен өтіп бара жатып, суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында үш ер адам өзенге ағып кетті

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Олар «Шалқар» шаруа қожалығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Жол бойында ер адамдар төте жолды кесіп өтпек болып, өзеннің ортасында қалып қойған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамдарды таппаған.

Сондай-ақ 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан құлап, суға батып кетті деген 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ер адамның «Шығыс» шаруа қожалығына бармақ болғаны анықталды.

Айта кетейік, зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

27 наурызда сағат 18:26-да Семей қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы Борлы өзені бойымен аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды.

Іздестіру жұмыстарына барлығы 82 адам ТЖД күштері мен құралдарынан 4 су көлігі, 9 техника, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан азаматтар жұмылдырылды.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр.