Оқиға • 28 Наурыз, 2024

5 жыл жасырынған: Ауыр қылмыс жасағандар Түркиядан қайтарылды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп жазады Egemen.kz.

5 жыл жасырынған: Ауыр қылмыс жасағандар Түркиядан қайтарылды

Фото: Бас прокуратура

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан жасырынып келген.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.