Қазақстан • 29 Наурыз, 2024

Су қоймаларында тасқын суын жинау орындары дайындалды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларына су жинау туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су қоймаларында тасқын суын жинау орындары дайындалды

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің негізгі міндеті - су қоймаларына тасқын суын жинау. Ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды.

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

«Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды. Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп», делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық. Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрады.