Үкімет • 31 Наурыз, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары өтеледі

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу тетіктері мен қаржыландыру көздері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары өтеледі

фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметте Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Штаб жұмысы аясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделгенін баяндады.

Министрліктің мәліметінше, залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО, Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрліктері айқындайтын болады.

Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкіметтің резервінен қарастырылады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

2) ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастыратын болады.