Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Елдегі су тасқыны: әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су  тасқынына байланысты әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Елдегі су тасқыны: әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады

Фото: Қазавиақұтқару

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.

Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.